Биыл мектеп әжетханалары толықтай ішке көшіріледі

0
601

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, бүгінде бүкіл мектеп бейнебақылау камерасымен толық қамтылған.


Биыл мектеп әжетханалары толықтай ішке көшіріледі

ERNUR.KZ. Жыл соңына дейін әжетханасы сыртта орналасқан мектептердің мәселесі шешімін таппақ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінде сырттағы мектеп әжетханаларын ішке кіргізу жұмысы жалғасып жатыр. Мендегі бар ақпарат бойынша елімізде 30-ға жуық мектептің әжетханасы далада орналасқан. Осы орайда биыл барлық мектептің әжетханасын ішке көшіруді аяқтаймыз. Бұл мәселе бақылауда болады», - деді Ғани Бейсембаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап беріп.

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, бүгінде бүкіл мектеп бейнебақылау камерасымен толық қамтылған.

«Қазір Ішкі істер министрлігімен бірлесіп бейнебақылау камераларының жұмысын қадағалау, материалдарды алу және зерттеу бойынша бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қатар қауіпсіздікті қамту мақсатында мектеп күзетіне ерекше мән берілген. Яғни кәсіби күзетке ауыстырып жатырмыз. Аталған мәселе бойынша жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жыл соңына дейін кәсіби күзет, турникет және дабыл түймесін орнату толық шешімін таппақ», - дейді ол.

Бұған дейін министр елімізде балалар үйлері жабыла ма деген сауалға жауап берген еді.