Биылғы наурыз айынан бері Ресейден 21 компания Қазақстанға қоныс аударды

0
388

Ресейге жаппай санкция салы бастаған уақытта, яғни биылғы наурыз айынан бастап, Қазақстан тарапы көрші елден қоныс аударуға ниеттенген 362 компанияның бас кеңселеріне елімізге релокация жасау туралы ұсыныспен шыққан.


Биылғы наурыз айынан бері Ресейден 21 компания Қазақстанға қоныс аударды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның дерегінше, 62 компания балама алаң ретінде Қазақстанды қарастыруға келісім берген. 21 компания Қазақстанға қоныс аударған.

"Олардың арасында Tik-Tokк жеке кеңсесін ашты. InDriver аймақтық Еуразиялық кеңсесін Қазақстанға көшірді. Аристоун сервис орталықтарын Қазақстанға көшірді" деді Алмас Айдаров.

Оның айтуынша, Қазақстанға ірі компаниялардың қоныс аударуын ынтыландыру бағытындағы жұмыстар жалғасады. Дегенмен, елімізге Ресейден көшкен компанияларға арнайы жағдай жасалмайды. Олардың барлығы да осындағы компаниялармен қатар қазақстандық талаптармен жұмыс істейтін болады.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың дерегінше, Орта Азия аймағына келетін инвестициялардың 70%-ы Қазақстанға салынып жатыр.