Арпаның құны 74 пайызға шарықтап шыға келген.
ERNUR.KZ. Биыл егін бітік шықпай қалуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.
Осылай деп дабыл қаққан егіншілер Ауыл шаруашылығы министрлігінің өтірігін әшкерлеп берді. 1 айдай міндетін атқарып, күні кеше ғана министр атанған Қарашөкеевтің жоспарына шөпшілердің мүлде сенгісі жоқ.
Олар «биыл қамбаға дәнді-дақылдардың жоспарланған 14 млн тоннасының орнына 9 миллионы ғана құйылады»,- дейді.
Құрғақшылық жиын-терімнің жиналуына да, оның бағасына да теріс әсер етуде. Мысалы, арпаның құны 74 пайызға шарықтап шыға келген.