БҚО-да ауыл мен ауылдық округтің атауы қазақшаланады

0
1 005

Құжат 31 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылды.


БҚО-да ауыл мен ауылдық округтің атауы қазақшаланады

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында Трекин ауылдық округі мен Трекин ауылының атауы өзгереді, деп жазады sputnik.kz.

Облыстық әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі – Байқоныс ауылдық округі; ал Трекин ауылдық округінің Трекино ауылы Байқоныс ауылы деп қайта аталады.
Мұндай шешім облыстық ономастика комиссиясының биыл 13 шілдедегі қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып қабылданған.
Құжат 31 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылды.