Сотталушы келтірілген шығынның 1 миллионнан астамын ғана қайтарған.
ERNUR.KZ. БҚО-да мемлекеттік мекеменің қаражатын жымқырған есепші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол ұрлаған қаражатын құмар ойындарына салған, деп жазады stan.kz.
БҚО Қаратөбе аудандық прокуратурасының мәліметінше есепші мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз қолданып, 7 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырған.
Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен (өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде жымқыру және талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Соттың үкіміне сәйкес ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан және сол мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды”, – делінген хабарламада.
Сотталушы келтірілген шығынның 1 миллионнан астамын ғана қайтарған. Ол сот процесі кезінде жымқырған қаражатты құмар ойындарға жаратқанын айтты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.