БҚО-да карантинге байланысты қосымша шектеулер енгізілді

0
777

Демалыс күндері сауда орталықтары мен базарлар жабық болады. 24 маусымнан бастап көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі.


БҚО-да карантинге байланысты қосымша шектеулер енгізілді

ERNUR.KZ. БҚО-да карантинге байланысты қосымша шектеу шаралары енгізілді, деп жазады zakon.kz.

Коронавирусқа байланысты аймақтағы тұрақсыз жағдайды ескере отырып, демалыс күндері - 2020 жылдың 27 маусымында сағат 00: 00-ден 29 маусымның 00: 00 уақытына дейін мынандай қосымша шектеу шаралары енгізіледі:

1. Азаматтардың қозғалысы шектеледі, тек мынандай жағдайда рұқсат бар:

- тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және керісінше, егер жұмыс орнынан үйіне баратындарға, онда да қолдарында анықтама қағазы (немесе қызметтік куәлік) болса;

- тамақ, дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұрғылықты жері мен жұмыс орнына жақын маңнан сатып алуға;

- медициналық ұйымға төтенше жағдай туындап бару керек болғанда;

- тұрғылықты үйінің маңайында үй жануарларын серуендетуге алып шығуға;

2. 65 жастан асқан адамдарға қатты қажеттіліксіз көшеге шығуына тыйым салынады;

3. Жұмысы тоқтайды:

- "онлайн сату" форматынан басқа сауда үйі, сауда орталығы, базарлар, сауда желілері;

- қоғамдық көліктердің жұмысы;

- саябақтардың, алаңдардың, жағажайлардың және басқа да демалыс орындары;

- фитнес орталықтар және басқа да спорттық нысандар;

4) қоғамдық тамақтану орындарына тек қашықтық сақталған жағдайда және ашық, аспан асты форматында, отыратын, орындар саны 30-дан аспайтындарына ғана рұқсат етіледі;

2020 жылдың 24 маусымында сағат 00: 00-ден бастап көлік құралдарының қозғалысы сағат 23.00-ден 06.00-ге дейінгі аралықта шектеледі.