БҚО-да сары май мен құрт-ірімшікті поштамен тегін жөнелту жобасы іске қосылды

0
2 166

Жергілікті билік жаңа жоба арқылы жұмыссыз отбасыларға қолдау көрсетуді көздеген.


БҚО-да сары май мен құрт-ірімшікті поштамен тегін жөнелту жобасы іске қосылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында сары май мен құрт-ірімшікті поштамен тегін жөнелту жобасы іске қосылды, деп жазады 24.kz

Ауыл шаруашылығы өнімдерін поштамен тегін жіберуге болады. Батыс Қазақстан облысында осындай пилоттық жоба жүзеге асып жатыр.

Мал бағып күнелтіп отырған тұрғындар ет пен сүт өнімдерін қалаға немесе өзге елді мекендерге оңай сата алады. Жергілікті билік жаңа жоба арқылы жұмыссыз отбасыларға қолдау көрсетуді көздеген. Әзірге тегін қызмет түрін Тасқала мен Бәйтерек аудандарының шаруалары пайдаланып отыр.

Әкімдік енді бұл бағытта бюджеттен қаражат қарастыруды жоспарлап отыр.

"Ауылшаруашылық тағамдарын біз жылма-жыл беріп жіберетін едік таксилер арқылы. Бірақ соңғы екі айдың ішінде термобокс туралы естігесін, сол термобокс арқылы поштаға барып, біз салып жібереміз. Мысалы, мына майды тоңазытқышқа салып, оны қатырып қоямыз ғой, ол сол күйінде жазғы мезгілде белгілі мекен-жайға 24 сағаттың ішінде апарады", - дейді Амангелді ауылының тұрғыны Жадыра Владимирова.