БҚО-да жаңа бизнес-идеяларға берілетін грантты алаяқтықпен алғандар анықталды

0
873

Гранттың 14 қатысушысы ақшаны мақсатты пайдалануды растау үшін бұрын союға жіберілген, туыстарына тіркелген үй жануарларын сатып алу, ұсақ малды сатып алу туралы жалған құжаттарды, тауарлық чектерді ұсынған.


БҚО-да жаңа бизнес-идеяларға берілетін грантты алаяқтықпен алғандар анықталды

ERNUR.KZ. Орал қаласының прокуратурасы қалалық жұмыспен қамту орталығын тексеру барысында «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде бұзушылықтар анықтады, деп жазады inform.kz.

Мәселен, гранттың 14 қатысушысы ақшаны мақсатты пайдалануды растау үшін бұрын союға жіберілген, туыстарына тіркелген үй жануарларын сатып алу, ұсақ малды сатып алу туралы жалған құжаттарды, тауарлық чектерді ұсынған.

"Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаған тұлғалар бизнес-жобаны іске асыру үшін гранттар алғаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша сот тәртібімен 8 қатысушыдан 5,1 млн. теңге мөлшерінде соманы өндіріп алу туралы талаптар қанағаттандырылды, 2 тұлғамен 2,4 млн.теңгені қайтару туралы бітімгершілік келісімдер жасалды, 4 тұлғамен мемлекеттік бюджетке берілген гранттардың сомасы ерікті түрде өтелуде", - деп жазды бақылаушы органнан.

Бүгінгі таңда 6 тұлға мемлекеттік бюджетке 4 млн. теңгеден астам сомаға іске асырылмаған гранттарды қайтарды.