БҚО-да жол апатынан 6 адам қаза тапты

0
642

Оның біреуі кәмелетке толмаған бала.


БҚО-да жол апатынан 6 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. 1 қаңтар күні Орал қаласы аумағында болған үш жол-көлік апатынан алты адам көз жұмды, деп жазады baq.kz.

Сонымен қатар зардам шеккен бірнеше адам ауруханаға жеткізілген, бір бала ес-түссіз жатыр. Бұл туралы БҚО Полиция департаменті хабарлады.

Сағат 14.30-да Орал-Атырау тас жолы бойында – Жел тауы маңында Хюндай мен Тойота автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті, оның ішінде үш кәмелетке толмаған және екі ересек адам түрлі жарақат алған, бір бала комада жатыр.

Екінші оқиға Самара-Шымкент тас жолының 313 шақырымында болған. Тайота-Прадо және Ваз 2112 көлігі соқтығысып, апат салдарынан 4 адам қайтыс болды, басқа зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Үшінші жол-көлік апаты Деркөл ауылы айналма жолында орын алған. Хюндай сантафе және Фольксваген поло автокөліктері соқтығысып, 2012 жылғы кәмелетке толмаған бала көз жұмды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғалардың себептері мен мән-жайлары анықталып жатқанын хабарлады. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сонымен қатар Полиция департаменті көлік жүргізу кезінде абай болуды, жылдамдық режимін асырмауды ескертеді. Ауа-райының нашарлаған кезде қаладан шықпаған жөн.