Алдын ала мәлімет бойынша «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі басып озамын деп, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам мерт болды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 қыркүйек күні түсте Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолында болды, деп жазады inform.kz.
«Алдын ала мәлімет бойынша «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі басып озамын деп, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Содан “Subaru” автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Volkswagen Passat» отқа оранып, жүргізуші автокөлік ішінде жанып кетті. Сондай-ақ оқиға орнында «Subaru» автокөлігінде отырған жолаушы көз жұмды. Осы көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.