Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары қашып бара жатқан прокурорды видеоға түсірген блогерлерді жауапқа тартуға шақырған болатын.
ERNUR.KZ. Бас прокуратура Қонаевта блогерден қашқан прокурордың оқиғасына қатысты тергеудің қорытындысын жариялады, деп жазады tengrinews.kz.
"Тексеру қорытындысы бойынша, видеода көрсетілген прокурорлар түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген Бас прокуратураның кадр қызметі департаменті жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары қашып бара жатқан прокурорды видеоға түсірген блогерлерді жауапқа тартуға шақырған болатын.
"Алматы облысының прокуратурасы видеоны түсірген блогерлердің жауапкершілігі туралы мәселе көтерген жоқ, алайда видеода көрсетілген қызметкерлер жеке құқықтарын қорғау үшін сотқа өз бетінше жүгінуге құқылы", - деп қосты Бас прокуратураның кадр қызметі департаменті.