​«Болашақ» шахтасындағы апат: Бір жұмысшы көз жұмды

0
159

Хромтау ауданы Дөң-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасының жұмысшысы ауруханада көз жұмды.


​«Болашақ» шахтасындағы апат: Бір жұмысшы көз жұмды

Фото: Александр Павский/Kazinform

ERNUR.KZ. «Болашақ» шахтасындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жұмысшы көз жұмды, деп жазады inform.kz.

Хромтау ауданы Дөң-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасының жұмысшысы ауруханада көз жұмды.

- Барлығы 3 жұмысшы дәрігер көмегіне жүгінді. Олардың екеуі жақсы болып, үйіне шығарылды.
Ал бір науқасқа полиағзалық жетіспеушілік диагнозы қойылып, санавиациямен Көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді. Алайда науқас көз жұмды,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық еңбек инпекциясы департаментінің басшысы Жандос Әлімовтің айтуынша, төтенше жағдайдың негізгі себебін анықтау үшін шамамен бір айдай уақыт керек. Ал «Болашақ» шахтасы өз жұмысын қайта жалғастырған.
Еске салсақ, Хромтау ауданындағы «Болашақ» шахтасында қысқа мерзімді тұйықталу болып, 4 жұмысшыны күйік шалды. Сол күні шахтада кен өндіру жұмыстары тоқтатылды.
Кейін бірден қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға болған күні «Болашақ» шахтасында жұмыс істеп жатқан 228 жұмысшының бәрі жерастынан жоғары шығарылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел желіні іске қосты.