Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды

0
861


Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды

ERNUR.KZ. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратып, діни алауыздықты қоздыруға тырысқан күдіктілерді ұстады, деп жазады kaz.zakon.kz.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері ҰҚК-мен бірлесіп, құрамында Мақтаарал ауданының тұрғындары бар радикалды діни топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бұл топқа радикалды діни көзқарастары бойынша біріккені анықталды. Олар әлеуметтік желілерде басқа діндегі азаматтардың қадір-қасиетін және діни сезімдерін қорлайтын сөздер жариялап отырған. Сот бұрын экстремистік деп таныған аудио және бейнематериалдарды халық арасында таратқан", – деді ІІМ-де.


Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарын тінту барысында 20-дан астам діни әдебиет, есірткі құралдары, оқ-дәрілер, заңсыз сақталған қару және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Топ жетекшілері соттың санкциясымен қамауға алынды.

"Жасалған қылмыстық әрекеттердің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда", – деп атап өтті полиция ведомствосы.