«Борат» менің де намысыма тиеді – Ақтоты Райымқұлова

0
696

«Бораттың» екінші фильмі түсірілгенін бәрі біледі.


«Борат» менің де намысыма тиеді – Ақтоты Райымқұлова

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Борат-2» фильмінің жарыққа шығуына байланысты пікірін білдірді, деп жазады baq.kz.

«Бораттың» екінші фильмі түсірілгенін бәрі біледі. Біз оны елемей қоя алмаймыз. Шығармашылық адам ретінде өз идеяларын жүзеге асыра алады. Бірақ қандай әрекет болсын адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, мемлекеттің атақ-абыройына нұқсан келтірмеуі тиіс, - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Бұл ретте Мәдениет және спорт министрлігі қай кезде тиісті шара қолдана алатынын айтты.

Фильмді Қазақстанда прокатқа шығару куәлігіне өтініш берілгенде, министрлік қарсылық білдіруіне болады. Әзірше, ешқандай ресми өтініштер түспеді. Сондықтан Мәдениет және спорт министрлігі шара қолданып жатқан жоқ. Дегенмен Қазақстан азаматы ретінде айтарым, ол фильм менің намысыма да тиеді. Әлем бойынша көзі ашық әрі ақпаратты дұрыс қабылдай алатын адамдар аз емес. Олар жаңа фильмнің ойдан шығарылғанын жақсы түсінеді деп ойлаймын, - дейді министр.