Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек кей жерлерде өткінші жауын жауады.
"Қазгидромет" орталығы мамандары 25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан территориясы жоғары қысым аумағында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік-батысында Солтүстік-батыс циклонының әсерінен кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай, дауыл күтіледі. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – шаңды дауыл күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз жел 18 м/с күтіледі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с, Жамбыл, Түркістан облыстарында екпіні 23 м/с күшейеді. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарында, Атырау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.