Ол жол апатына ұшырады.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында квадрацикл жол апатына ұшырап, бойжеткен көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 27 шілдеде Бурабай курортында болған.
Анықталғандай, Астанадан Бурабайға демалуға келген екі қыз жергілікті жалға беру пункттерінің бірінде "X5 Classic" маркалы квадроциклін жалға алған.
Курорт аумағындағы жолдың бұрылысында квадрациклді басқарған 19 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік аударылған.
Салдарынан артқы жақта отырған жолаушы қыз алған дене жарақатынан ауруханада қайтыс болды.
"Жол-көлік оқиғасы дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары қолға алынды", — деді ведомстводан.