Бұрынғы вице-министр Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды

0
723

Ғани Нығыметов қызметінен кетті.


Бұрынғы вице-министр Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды

Нұргүл Мауберлинова Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Ғани Нығыметов Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен кетті.


"Мемлекет басшысының өкімімен Ғани Сақтағанұлы Нығыметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.


Оның орнына Нұргүл Мауберлинова қызметке тағайындалды. Ол бұрын ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып қызмет атқарған.


"Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.