Бюджет қаржысын жымқырған: Мемлекетаралық іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

0
687

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері ұстады.


Бюджет қаржысын жымқырған: Мемлекетаралық іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі агенттігі мемлекетаралық іздеу жарияланған Әнуарбек Жексенғалиевтің ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Мемлекетаралық іздеу жарияланған Әнуарбек Болатұлы Жексенғаливті Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері ұстады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі 1,1 млрд теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен екі азаматқа іздеу жариялаған болатын. Соның бірі ұсталып отыр.
Күдіктілердің тұратын жері туралы шынайы ақпарат берген адамға ақшалай сыйақы берілетіні хабарланған еді.