Ресми ақпаратта өңірлік жедел штабтың құрылғаны айтылады.
ERNUR.KZ. «Қазақмыс» ЖШС Сәтбаевтағы жұмысшылардың наразалығына қатысты түсініктеме берді, деп жазады ҚазАқпарат.
«2023 жылғы 14 тамызда түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмысты тоқтатқанын хабарлады. Мән-жайды білу анықтау мақсатында «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура және жергілікті атқарушы билік өкілдері оқиға орнына барды. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» ЖШС басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ресми ақпаратта өңірлік жедел штабтың құрылғаны айтылады.
«Қазақмыс» компаниялар тобы әрқашан сындарлы диалогқа ашық және солай қала береді», - дейді компаниядан.