Cемей ядролық полигонынан зардап шеккендер зейнетке ерте шығуы мүмкін

0
673

1992 жылы қабылданған полигон туралы заңға тиісті өзгеріс енгізіледі.


Cемей ядролық полигонынан зардап шеккендер зейнетке ерте шығуы мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Семейде үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесуде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Министрдің сөзінше, Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтар зейнетке ерте шығуы мүмкін. Ал қоғам тарапынан сұраныс болса, 1992 жылы қабылданған полигон туралы заңға тиісті өзгеріс енгізіледі. Қазіргі кезде Денсаулық сақтау және Экология министрліктерінің өкілдері ядролық сынақ тақсіретін тартқан аймақ тұрғындарының денсаулығына зерттеу жүргізіп жатыр. Соның негізінде заңға тиісті өзгеріс енгізілуі мүмкін.

"Заң өз орнында қалады. Екіншіден, өзгеріс қажет болса, арнайы институттар өз ұсыныстарын беретін болса әрине өзгерістер енгізіледі. Заңға сәйкес Семей полигонынан зардап шеккен азаматтар 45 жастан зейнетке шығады", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.