Демалыс күндері карантин сақталады – министр

0
518

​Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, елімізде коронавирус жұқтырған 106 498 адамның ішінен 100 042 науқас немесе пациенттердің 98 %-і сауығып шықты.


Демалыс күндері карантин сақталады – министр

ERNUR.KZ. Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында демалыс күндері локдаун сақталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

Министр қатаң шектеу шараларының арқасында 5 шілдеден бастап төсек-орын тапшылығы азайып, емханалар үйге барып қызмет көрсету форматына ауысқанын атап өтті.

"Оң динамиканы төмендетіп алмау үшін демалыс күндері кейбір шектеу шаралары мен локдаун сақталады", – деді Цой үкімет отырысында.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 73 адамда коронавирус диагнозы расталды. Ал 9 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 106 498 адам тіркелді.

4 810 науқас ем қабылдап жатыр, 100 042 адам немесе пациенттердің 98 %-і сауығып шықты.

13 наурыздан бері індеттен 1 646 адам қайтыс болды.