Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді

0
891

Азаматтар сенбіге дейін қажетті өнімдерін сатып алуы керек.


Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді

ERNUR.KZ. 7-28 маусым күндері елордада тек азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін. Демалыс күндері барлық сауда орталықтары, сауда үйлер, азық-түлік және өзге де тауарлар сататын базарлар, дүкендер жұмыс істемейді, деп жазады Egemen.kz.


"Өткен "карантиндік демалыс" сырқаттану деңгейін төмендетудің оң динамикасын көрсетті. Осы демалыс күндері – 27 және 28 маусымда біз "үйдегі демалыс" күнін енгіземіз. Қазіргі уақытта қалада аурудың негізгі екі ошағы отбасылық және ұжымдық болып отыр. Демалыс күндері тұрғындарға жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға баруды, медициналық қызмет алуды немесе рұқсат етілген жұмысқа баруды қоспағанда, үйлерінен шығуға тыйым салынады.

Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен үй маңындағы азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Базарлар да жабылады. Азаматтар сенбіге дейін қажетті өнімдерін сатып алуы керек. Үй маңындағы азық-түлік дүкендерінде қажеттінің бәрі бар", – деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.


Сонымен қатар 27-28 маусымда дәріханалардың, көше форматындағы (жаздық) қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл ретте аталған нысандар қатаң санитария нормаларын сақтауы керек.