Денсаулық сақтау министрлігі жанынан Ақпараттық орталық ашылады

0
666

Орталық қоғаммен тығыз байланыс орнату мақсатында құрылады


Денсаулық сақтау министрлігі жанынан Ақпараттық орталық ашылады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі жанынан Ақпараттық орталық ашылады. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Достар, мен Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі ретінде бүгін үшінші күн қызмет етудемін. Баршаңызға мәлім, еліміздің денсаулық сақтау саласы дәл қазір өте қиын күндерді бастан кешуде. Індет жұқтырған мыңдаған адамның басында түрлі қиындық пен сан сауалы бар. Мұндайда қарап қалмай, әрқайсымыз қоғамға қолдан келгенше көмектесуге міндеттіміз деп ойлаймын. Оншақты күн бұрын Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Facebook-тегі парақшасына қазіргідей ауыр кезеңде қоғаммен дұрыс байланыс орнатуға көмектесуге дайын екенімді жаздым. Министр көп күттірмей қоңырау шалып, «ресми өкіл болыңыз» деген ұсыныс жасады. Бұл қызметтің мен үшін орны бөлек. Өйткені, қазір адам жаны сынға түскен кез. Өзім де жиі ауырдым кезінде», - дейді Бағдат Қожахметов.

Бағдат Қожахметов дәрігерлердің арқасында сан рет сырқатты жеңген адам ретінде денсаулық пен ақ халаттылардың қадірін жақсы білетінін, сондықтан сын сағатта қол қусырып қарап отыра алмағанын жазды.

«Мен науқастарды емдей алмаймын, алайда дұрыс ақпарат жеткізуді, бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғаммен байланыс орнатудың көзін білемін. Осы білгеніммен бөлісу – азаматтық міндетім. Іске кірісіп те кеттік. Денсаулық сақтау министрлігі жанынан Ақпараттық орталық ашамыз деп шештік. Басты міндетіміз – қордаланып қалған мәселелерді шешу үшін, азаматтардың ұсыныс, өтінішіне дер кезінде көңіл бөліп, жауап беру мақсатында қоғаммен тығыз байланыс орнату. Сондықтан журналистерді, PR және маркетинг саласындағы әріптестерімді бірлесіп жұмыс істеуге, қолдау көрсетуге шақырамын. Мен кез келген уақытта байланыстамын. Хабарласыңыздар. Дендеріңізге салуық, бастарыңызға амандық тіледім!», - дейді Бағдат Қожахметов.