Депозит бойынша мемлекеттік өтемақы алуға өтініш қабылдау басталды

0
566

1 қазаннан 1 қаңтарға онлайн түрде өтініш беру керек.


Депозит бойынша мемлекеттік өтемақы алуға өтініш қабылдау басталды

ERNUR.KZ. «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай теңге депозиттерін қорғау мақсатында қолға алынған 10 пайыздық өтемақы кімдерге берілетінін түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Отбасы банк» теңге депозиттерін қорғау бойынша өтемақы беру бағдарламасына қатысып жатыр. Ондай өтемақыны кімдер алады? Бұған дейін «Отбасы банктен» ипотекамен үй алғандар ғана қатыса ма, әлде ақша жинап жатқандар ғана қатыса ма», - деп сұрады БАҚ өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

«Бұл жерде несие жинап жатқан, әзірге баспана алмаған адам да бағдарламаға қатыса алады. Оған да 10 пайыз өтемақы беріледі.

Сондай-ақ 2022 жылдың 20 ақпанына дейін бізден аралық және алдын ала займ алған, біздегі кепілде тұрған депозиттерге де 10 пайыз үстіне қосылады. Мерзімдерін нақтыласақ, 1 қазаннан 1 қаңтарға онлайн түрде өтініш беру керек», - деді Жансұлтан Матай.

Ал «Отбасы банк» АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова екі күннің ішінде аталған өтемақы алуға 2,5 мың өтініш түскенін мәлім етті.

«Екі күн болды. Біз портал бойынша аштық, өтініштерді алып жатырмыз. Кеше маған ІТ-мамандардың берген ақпараты бойынша, 2,5 мың өтініш түсті. Яғни, 2023 жылдың бірінші қаңтарына дейін «Отбасы банк» салымшылары өтемақы алады. Порталға кіріп, өтініш беріп, құжаттарға қол қойғандарыңызды күтеміз»,-деді Ләззат Ибрагимова.