Оған бір немесе бірнеше екінші деңгейлі банкте және Отбасы банкте ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады.
ERNUR.KZ. Бюджеттен теңгедегі депозит бойынша 10% өтемақы алу үшін қазақстандықтарға ешқайда барып қажет емес. Өтемақы автоматты түрде аударылады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Ол бағдарламаны Ұлттық банк үкіметпен бірлесіп әзірлегенін және іске қосатынын атап өтті.
"Адамдарға өздері барып қажет емес, яғни ешқандай өтініш керек болмайды. Ол автоматты түрде аударылады", - деді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.
Еске салсақ, теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қолдау үшін Ұлттық банк үкіметпен бірлесіп бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы есептеуді көздейтін Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады.
Оған бір немесе бірнеше екінші деңгейлі банкте және Отбасы банкте ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады.
Теңгедегі депозиттерге 10% мөлшерінде өтемақы аударылады. Бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі депозиттерге және шартты депозиттерге қолданылмайды.