Депутат Абасов су тапшылығын шешудің жолдарын атады

0
561

​​Бүгін өткен Парламенттің жалпы отырысында депутат Қайнар Абасов ҚР Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.


Депутат Абасов су тапшылығын шешудің жолдарын атады

ERNUR.KZ. Ол жаһандық деңгейде су ресурстарының тапшылығы болжанып отырғанын алға тартты, деп жазады baq.kz.

Сол себепті депутат жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы су үнемдеуді арттыру қажеттігін атап өтті.

Бүгінгі таңда су ресурстарын тиімсіз пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Атап айтқанда, бұл суды көп қажет ететін ескірген өндірістік технологияларды қолдану және тасымалдау кезінде су шығынының жоғары деңгейі (60%-ға дейін).

Жалпы республикалық меншікте ұзақтығы шамамен 20 мың км болатын 3298 суару желісі бар, оның 11,9 мың шақырымы тозығы жеткен. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы жерлері суармалы сумен толық қамтамасыз етілмейді, - деді депутат.

Оның айтуынша, іс жүзінде қолда бар суармалы жерлер азайып келеді. Ал оларды қалпына келтіру бойынша нақты шаралар бүгінгі күнге қабылданбаған.

Бүгінгі таңда негізгі су тұтынушы – бұл ауыл шаруашылығы. Қарқынды технологияларды енгізу 1 гектардан 10 млн. теңгеге дейін табысты арттыруға мүмкіндік береді. Үлгі есебінде Түркістан облысында бірнеше шаруашылықтардың жетістіктерін атап айтсақ болады, - деді Абасов.

Мәжілісменнің айтуынша, су үнемдеу технологияларын енгізуде қолданыстағы сатып алуға және құрылысқа берілетін субсидияның көлемін 50%-дың орнына 80%-ға дейін ұлғайту қажет. Су үнемдеу технологиясының қажеттіліктері үшін баламалы энергия көздерін салуды субсидиялау да орынды деп отыр.