Алматыда "Қаңтар оқиғасына" байланысты бірнеше айыпталушыға сот үкімі шықты.
Фото: informburo.kz
ERNUR.KZ. Олардың арасында "Дикий Арман" атымен танымал Арман Жұмагелдиев те бар, деп жазады inbusiness.kz.
Сот Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдаған.
Оған түрлі ұйымдарға мүше болуға, іс-шаралар ұйымдастыруға және бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілерде жазба жариялауға тыйым салынып отыр.
Сондай-ақ, ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов 15 жыл 6 айға бас бостандығынан және мемлекеттік наградалардан айырылды.
Айта кетейік, 2022 жылы Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
2023 жылы қыркүйек айында Алматы маңындағы № 72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында оған қатысты сот процесі басталды.