«Диверсия жасаған»: Ресейде Қазақстанның екі азаматы сотталды

0
788

Абрам жазасының алғашқы төрт жылын, Бурдилов бес жылын түрмеде өткізеді. Мерзімнің қалған бөлігін қазақстандықтар қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.


«Диверсия жасаған»: Ресейде Қазақстанның екі азаматы сотталды

ERNUR.KZ. Мәскеуде Қазақстанның екі азаматы темір жолдағы диверсия ісі бойынша сотталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Қазақстан азаматтары Александр Абрам мен Эдуард Бурдилов 2023 жылдың 22 маусымында ұсталған. Істің мән-жайы БАҚ-та егжей-тегжейлі жазылмаған.

2024 жылдың 1 шілдесінде Мәскеу қалалық сотының үш судьясынан тұратын алқа қазақстандықтарды алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған диверсия ісі бойынша 13 жылға бас бостандығынан айырған.

Абрам жазасының алғашқы төрт жылын, Бурдилов бес жылын түрмеде өткізеді. Мерзімнің қалған бөлігін қазақстандықтар қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Сондай-ақ, сот "Ресей темір жолдары" холдингінің азаматтық талабын қанағаттандырып, Абрам мен Бурдиловтан 387 мың рубльден (2 млн теңгеден астам) өндіріп алуды ұйғарды. Осы бөліктегі үкім орындалғанға дейін қазақстандықтардың банк шоты бұғтата болады.

Абрам мен Бурдилов үкімге шағым түсірмек.