Досаев елден заңсыз ақша шығаруға қалай тосқауыл қоятынын айтты

0
1 011

Бұл шаралар ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің ең үздік әлемдік практикасына негізделеді.


Досаев елден заңсыз ақша шығаруға қалай тосқауыл қоятынын айтты

ERNUR.KZ. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев капиталды Қазақстаннан заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл жайлы баяндады, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты капиталды заңсыз шетелге шығару фактілері көбейе түскенін мәлімдеген еді.

"Осыған байланысты биыл 10 қаңтарда Ұлттық банк Қаржы мониторингі агенттігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, елден заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бірлескен бұйрық қабылдады. Бұйрыққа сәйкес операциялар жүргізуге арналған өтінімдер бойынша іс-қимыл алгоритмі қабылданды, сондай-ақ күшейтілген қаржылық мониторинг жүргізілуі тиіс трансшекаралық операциялардың тізбесі бекітілді. Талаптар айқын бұзылған жағдайда, мұндай операциялар жедел тоқтатылады", - деді Досаев үкіметтің отырысында.

Айтуынша, бұл шаралар ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің ең үздік әлемдік практикасына негізделеді. Сондай-ақ KYC (know your client) қағидатын толыққанды енгізеді. Бұл капиталдың трансшекаралық ағындарының барынша айқындылығын қамтамасыз етеді.

Досаев резиденттер мен бейрезиденттерді қоса алғанда, сыртқы экономикалық қызметтің адал қатысушылары мен инвесторларға халықаралық операция жүргізу кезінде қысым жасалмайтынына және шектеу қойылмайтынына сендірді.