Египет билігі Қазақстанға іздеуде жүрген адамды ұстап берді

0
1 073

Бұл азамат кісі өліміне күдікті адамдардың пайдасына сотта көрінеу жалған айғақ берген.


Египет билігі Қазақстанға іздеуде жүрген адамды ұстап берді

ERNUR.KZ. Бүгін Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстанның ІІМ Интерполмен бірлесіп қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Бейбіт Серғазиевті Египеттен Қазақстанға экстрадициялады, деп жазады 24.kz.

Ұсталған адам кісі өліміне күдікті адамдардың пайдасына сотта көрінеу жалған айғақ бергені үшін күдікті. Серғазиев ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын бұзып, тергеу органдарынан жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

Оны экстрадициялау қазақстандық қылмыстық қудалау органдарының египеттік әріптестерімен бірлескен әрекеттерінің арқасында мүмкін болды. Ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, онда сот үкімі шығарылғанға дейін ұсталатын болады.