Екі жыл бойы құмды заңсыз сатқан кәсіпкер жауапқа тартылды

0
2 102

Екі жыл аралығында 16,7 текше метр құмды тиісті рұқсат қағазсыз сатып үлгеріпті.


Екі жыл бойы құмды заңсыз сатқан кәсіпкер жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Жер қойнауын пайдаланушының бас бостандығы шектелді. Павлодарлық кәсіпкер 2019 жылдан бастап Мичурин ауылындағы су тазарту ғимараты мен Омбы-Майқапшағай тас жолының маңындағы құмды заңсыз қазып алып, сатумен айналысқан, деп жазады inbusiness.kz.

Екі жыл аралығында 16,7 текше метр құмды тиісті рұқсат қағазсыз сатып үлгеріпті. Соның салдарынан мемлекетке 311,5 млн теңге көлемінде зиян келтірді. Жер қойнауын пайдаланушының заңсыз әрекетін қараған Павлодар аудандық соты кәсіпкердің кінәсі толығымен дәлелденгенін алға тартып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 334-бабы 2-тармағына сәйкес жаза белгіленді.

Құм сатумен айналысқан кәсіпкер 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелді. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалануға қатысты мекемелерде басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. Енді құмды қазып, сатумен айналысқан тұрғын мемлекетке келтірген шығын көлемін қайтаруға кірісті.