Екібастұз маңында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, жетеуі жараланған

0
543

Зардап шеккендердің бәрі шағын автобуста келе жатқан.


Екібастұз маңында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, жетеуі жараланған

ERNUR.KZ. Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы жетеуі жарақат алды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйек, сенбі күні кешке Екібастұзға кіреберісте болған. Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram желісінде жарияланды.

Оқиға салдарынан Volkswagen Passat көлігінің 21 жастағы жүргізушісі мен 2005 жылғы кәмелетке толмаған жолаушысы қаза болды. Жеті адам, оның ішінде екі кәмелетке толмаған бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің бәрі шағын автобуста келе жатқан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жол апатынан зардап шеккен 37 жастағы әйел мен 2018 жылы туған қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған зардап шеккендер, оның ішінде 2014 жылы туған бала травматологияға жатқызылған. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Зардап шеккендердің бесеуі Астана қаласының тұрғыны.