Автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған.
ERNUR.KZ. Жол апаты бүгін сағат 10:00 шамасында болған, деп жазады baq.kz.
Бұл ақпаратты Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Ведомство мәліметінше, оқыс оқиға қаладағы ЖШС-лардың бірінің аумағында болған көрінеді. Автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған.
ПАЗ көлігінің жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, кюветке түсіп кеткен, - делінген хабарламада.
Автобус салонында ЖШС-нің 24 қызметкері кетіп бара жатқан. Зардап шеккендер бар. Алайда олардың нақты саны белгісіз. Қазір оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде.