Екібастұзда өрт болған пәтерде қалып қойған әжесі мен немересі құтқарылды

0
1 173

Жоғары температураның әсерінен пластикалық әйнек балқып кеткен.


Екібастұзда өрт болған пәтерде қалып қойған әжесі мен немересі құтқарылды

ERNUR.KZ. Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан жеті адам мен бір техника, «103» қызметі, қалалық электр желісі жұмыс істеді, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Облысық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне 2022 жылғы 1 қаңтарда сағат 17.55-те түскен.


b3a14c76-325a-401a-b19e-e2843ffd213e.jpg

"Өрт Әуезов көшесі, 6 мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйдің төртінші кіреберісінде, екінші қабатта орын алды. Өрт орнына дереу құтқарушылар келіп, екі бөлмелі пәтердің залында үй заттарының және балконның 12 шаршы метр алаңы жанып жатқанын анықтады. Жоғары температураның әсерінен пластикалық әйнек балқып кеткен. Салдарынан қатты түтін басты. Бір әйел үстіңгі қабаттағы пәтерлердің бірінде әйел адам немересімен бірге қалып қойғаны жайлы хабарлады", - дейді департаментте.
f93055f6-ed02-442a-a933-49ae08118d79.jpg
Бесінші қабаттан бөлімше командирі Айнар Кендиров бесінші қабаттан үшінші қабатқа дейін 1977 жылы туған әйелді қолына көтеріп алып, әрі қарай таза ауаға шығарды.


Қарауыл бастығы Бейсенбай Сыздықов бесінші қабаттан баспалдақпен 2019 жылы туған баланы көтеріп алып шықты. «103» қызметінің қарауынан кейін құтқарылғандарды ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екендігі анықталды.


dc7caf1b-dec3-42eb-ac97-09b2a4a6883c.jpg



Сондай-ақ, өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен баспалдақ маршы бойынша бір адам өздігінен сыртқа шыққан. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін баспалдақ маршы бойынша 6 адам өздігінен эвакуацияланды, оның ішінде біреуі - бала.

Өрт сағат 18-30-да сөндірілді. Өрттің шығуына жоғарғы қабаттардан тасталған темекі себеп болған.

Павлодар облысының ТЖД барлық азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.