Өңірде өткен тәулікте екі жазатайым оқиға тіркелген.
ERNUR.KZ. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, деп жазады Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өткен тәулікте екі жазатайым оқиға тіркелген. Болған жағдайдан екі адам зардап шекті.
"Мәселен, 12 тамыз күні сағат 09.40-та Екібастұз қаласының ауруханасына 2013 жылы туған кәмелетке толмаған бала жатқызылды. Ол өз үйінде абайсызда аккумулятор қышқылын ішкен", - деді баспасөз қызметінде.Сол күні сағат 09.10-да Екібастұз қаласындағы пәтерде 41 жастағы тұрғын абайсызда аммиак қышқылын ішкен. Ер адам ауруханаға жатқызылды.