Екібастұзда жеткіншек су толы шұңқырға құлап көз жұмды

0
558

Екібастұздағы көшелердің бірінде қазылған шұңқырдан 2019 жылы туған жеткіншектің мүрдесі табылды.


Екібастұзда жеткіншек су толы шұңқырға құлап көз жұмды

ERNUR.KZ. Көшеде қараусыз ойнап жүрген бала абайсызда шұңқырға құлап, суға тұншығып көз жұмған. Жеткіншектің мүрдесін жергілікті тұрғындар байқаған, деп жазады inform.kz.

Екібастұздағы көшелердің бірінде қазылған шұңқырдан 2019 жылы туған жеткіншектің мүрдесі табылды. Алдын ала болжам бойынша бала ойнап жүріп, абайсызда су толы шұңқырға аяғы тайып құлаған.

«Бүгін сағат 17:28–де полицияның кезекші бөлімінен Екібастұздағы Торайғыров көшесіне жақын жердегі су толы шұңқырға 2019 жылғы бала құлап, көз жұмғаны туралы хабарлама түсті. Ол ойнап жүргенде абайсызда шұңқырға құлап, суға тұншығып қалған. Баланың денесін байқаған жергілікті тұрғындар судан алып шыққан», деп мәлімдеді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінен.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы оқиға жайында жедел жәрдемге сағат 16:50–де қоңырау түскенін хабарлады. Жедел жәрдем бригадасы арада 6 минут өткенде оқиға орнына жеткен. Алайда медицина қызметкерлері баланың жүрегі тоқтағанын тіркеді.

Жазатайым оқиға бойынша қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.