Екібастұзда жүкті әйел биіктен құлап, қайтыс болды

0
764

​Ол дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.


Екібастұзда жүкті әйел биіктен құлап, қайтыс болды

ERNUR.KZ. Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қаңтарда түнгі сағат 01:42-де биіктіктен құлау туралы қоңырау түскен, деп жазады inbusiness.kz.

"Медициналық бригада шұғылдықтың бірінші санаты бойынша шықты. Жедел жәрдем бес минутта жетті. Оқиға орнында 30 жастағы жүкті әйелдің мерт болғаны анықталды", - деді станцияда.

Полиция департаменті жазатайым оқиғаға қатысты әзірше түсінік берген жоқ.