Екібастұзда жылу құдығынан әйел адамның денесі табылды

0
363

Аталған іске байланысты сараптама жүргізіліп жатыр.


Екібастұзда жылу құдығынан әйел адамның денесі табылды

Фото: pexel.kz.

ERNUR.KZ. Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше,18 желтоқсанда М.Жүсіп пен Пішембаев көшелерінің қиылысында жылу құдығының жануы туралы шақырту түскен. Өртті сөндіру кезінде коллектордан адамның денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған фактіні 112 қызметкері растады, мәйіт жедел жәрдем бригадасына сараптамаға тапсырылды.

"Екібастұз қалалық полиция басқармасында әйел адамның жеке тұлғасы анықталғанын хабарлады. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.