Айта кетейік бұрынғы генералдың жұбайы сотқа өтініш берген болатын, онда ол сот отырысын БАҚ өкілдерінсіз өткізуді сұраған.
ERNUR.KZ. Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Қүдебаевтың апелляциялық шағымын қарау 1 шілдеге ауыстырылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Бүгін 29 шілдеде Алматы облыстық полициясының бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық сот өтуі тиіс еді. Алайда ол 1 шілде сенбіге оның адвокатының болмауына байланысты кейінге қалдырылды", - деп хабарлады Жетісу облысы сотының аппеляциялық сатысы.
Айта кетейік бұрынғы генералдың жұбайы сотқа өтініш берген болатын, онда ол сот отырысын БАҚ өкілдерінсіз өткізуді сұраған.
Еске салсақ, биыл 3 сәуірде Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа іздеу жарияланды. Оған экс-полицейдің елден қашуы себеп болды.
23 наурызда Күдебаев қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелге қашқан Күдебаев шекарадан ресми жұмыс істеп тұрған өткізу бекеттері арқылы өтпегенін мәлімдеді.
Серік Күдебаевқа қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын. Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаннан кейін генерал-майор сотқа баруды тоқтатқан. Отырыс генералдың келмеуіне байланысты 5 рет кейінге шегерілді.
27 сәуірде Серік Күдебаевтың ұсталғаны хабарланды. Ресми ақпарат бойынша, ол Түркияда ұсталып, арнайы бортпен Қазақстанға қайтарылған. Алайда оның отбасы Күдебаев өз еркімен елге оралғанын мәлімдеді.
28 сәуірде Талдықорған қалалық сотының үкімімен Серік Күдебаев Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-тармағы 1-тармақшасы "Азаптау" және 362-бабы 4-тармағы – Билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" баптары бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.
Айта кетері, Серік Қүдебаев Алматы облысының полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Бұған дейін ол алты жылдан астам Алматы полициясы департаментінің бастығы болған.