Экс-министр АЭС-ті қай жерге салу керек екенін айтты

0
716

Ол Балқаш көлінің жағасына АЭС салу қателік болатынын мәлімдеді.


Экс-министр АЭС-ті қай жерге салу керек екенін айтты

ERNUR.KZ. Қазақстанның бұрынғы су шаруашылығы министрі, гидротехник Нариман Қыпшақбаев Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Балқаштың жағасына АЭС салу қателік болатынын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Балқашты географиялық нысан ретінде сақтайық дегенді қойдық. Бірақ тағы да жер таба алмағандай АЭС-ті Балқаштың жағасына әкелеміз деп жатыр. Жапонияда Тынық мухитының жағасындағы АЭС-те апат болды. Оның улы заттарын жапондар мұхитқа тастап жатыр. Біздің мына алақандай Балқаш емес. Соған Қытай мұхитқа неге қоқыс тастайды деп алаңдап отыр. Балқаштан басқа жерге неге апармаймыз?
Семейдің Ресеймен шектес Күршім деген ауданы бар, сол жерде Кеңес Одағы кезінде 40 жыл бомба жарды. Сол жерге АЭС салайық десек, Ресей келіспейді дейді. Ресейдің келіспейтін қандай хақысы бар? Сол жерге салсын. Ал олар мұның қауіпті екенін біліп отыр», - деді Нариман Қыпшақбаев.

Ол АЭС салу референдум арқылы шешілетінін айтты.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында АЭС салу референдум арқылы шешілетінін айтты.