Экс-вице-министр Шкарупа сотта ақталып шықты

0
2 381

Қарағандыда бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаға қатысты үкім шықты.


Экс-вице-министр Шкарупа сотта ақталып шықты

ERNUR.KZ. Қарағандыдағы Қазыбек аудандық соты бюджет қаражатынан бірнеше миллион доллар жымқырды деп айыпталған бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақтады, деп жазады Tengrinews.kz.

Қарағандыда бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаға қатысты үкім шықты. Қазыбек би ауданының судьясы Жанат Егембердиева оны ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәсіз деп таныды.

Еске салайық, Анатолий Шкарупа 2018 жылдың 19 қарашасында қамауға алынған болатын. 2019 жылдың қараша айында Шкарупа ісі бойынша тергеліп жатқан кәсіпкер Набиев арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеси Кексельдің заңсыз әрекеттері туралы өтініш бергені белгілі болды.

Ал Шкарупа Президентке үндеу жолдады. Экс-вице-министр тергеу кезінде өзінің конституциялық құқықтарының бұзылғаны туралы айтып, Токаевтан шара қолдануды сұраған еді.