ЭКСПО базасында ақпараттық технология мамандарын даярлайтын ІТ-университет ашылады
ERNUR.KZ. ЭКСПО қалашығының аумағында ІТ-университеттің құрылысы басталды. Бұл туралы халықаралық технопарктің ашылу салтанатында Президент Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады, деп жазады altaynews.kz.
"ЭКСПО базасында ақпараттық технология мамандарын даярлайтын ІТ-университет ашылады. Жұмысын келер жылдың қыркүйегінен бастайды," деді Президент.
Сондай-ақ Елбасы еліміздің технология саласындағы жетістіктері жайлы айтты. Әсіресе smart-city тұжырымдамасының ерекшеліктеріне кеңірек тоқталды.