Ел аумағында радио және телеарналар уақытша өшіріледі

0
818

Бұл телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, дейді компания.


Ел аумағында радио және телеарналар уақытша өшіріледі

19 қарашада Қазақстанда теле және радиохабар тарату тоқтатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазтелерадио» АҚ ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық оператор хабарлағандай, осы уақыт ішінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.


"2020 жылдың 19 қарашасында сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.


Айта кетейік, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Сауалдар бойынша "Қазтелерадио" call-center-іне хабарласуға болады: 193, 7193 и +7(727) 2 581 500.