Банк жүйесіндегі депозиттер биылғы 1 маусымда жылдық мәнде 3,1 пайызға ұлғайып, 25,2 триллион теңгені құрады.
ERNUR.KZ. Ел тұрғындарының депозиттері 25,2 триллион теңгеге жетті. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Банк жүйесіндегі депозиттер биылғы 1 маусымда жылдық мәнде 3,1 пайызға ұлғайып, 25,2 триллион теңгені құрады», - деді Ұлттық банк төрағасы.
Ғалымжан Пірматовтың атап өтуінше, халықтың салымдары бойынша ұсынылатын мөлшерлемелерді арттыру және жарияланған Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы долларландырудың өсуін тоқтатуға мүмкіндік берді.
«Ол ақпанда 38,4 пайызға дейін көтерілгеннен кейін мамырда 2013 жылдан бастап ең төменгі деңгей – 33,3 пайызға дейін төмендеді», - деді Ұлттық банк басшысы.