"КазРубежГеология" ЖШС бас директоры Виталий Петровский жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық суреттері арқылы жер сілкіністерін болжау әдістерін көрсетті.
ERNUR.KZ. Сейсмикалық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы базасында сейсмикалық құбылыстарды болжау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады, деп жазады sputnik.kz.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың басшылығымен сейсмикалық құбылыстарды болжау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізді.
Қазақстан ұлттық деректер орталығының басшысы Наталья Михайловамен кездесу барысында барлық сейсмологиялық станциялардан өзара ақпарат алмасу мәселелері талқыланды.
"КазРубежГеология" ЖШС бас директоры Виталий Петровский жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық суреттері арқылы жер сілкіністерін болжау әдістерін көрсетті.
Сондай-ақ, сейсмикалық құбылыстарды болжау саласындағы тәжірибемен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының профессоры Танақан Абақанов бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша ТЖМ сейсмикалық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы базасында сейсмикалық құбылыстарды болжау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы келісімге қол жеткізілді.