Елдегі барлық қаржы ұйымы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр - қаржы реттеушісі

0
444

​​​Елдегі барлық қаржы ұйымы штаттық режимде жұмыс істейді.


Елдегі барлық қаржы ұйымы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр - қаржы реттеушісі

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

"ЕДБ-де (екінші деңгейдегі банктер) жалақы, зейнетақы, жәрдемақыларды есептеу және алу, банктік қызметтерді ұсыну секілді негізгі банктік сервистердің үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Қаржы ұйымдарының банкоматтары мен терминалдары қолма-қол ақшамен толық көлемде қамтамасыз етілген", - делінген хабарламада.

Ал, қазақстандықтарға интернет желісіндегі ақауға байланысты банктік қосымшалар мен төлем терминалдары жұмысында уақытша үзілістер бар екені ескертілді.

"Әлеуметтік желіде несие кешірілетіні туралы тараған ақпарат жалған екенін ресми түрде мәлімдейміз. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен ҚР Ұлттық Банкі азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - деп толықтырды департамент.

Halyk Bank бірқатар өңірлерде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты банктің филиалдары мен банкоматтарының жұмысына шектеу қою мүмкін екенін айтты.

"Сіздерге Halyk Bank және оның барлық жүйелері, соның ішінде банкоматтар, Halyk Homebank жеке тұлғалары мен Onlinebank заңды тұлғаларына арналған банктік өтінімдер әдеттегідей жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз. Бірқатар өңірлерде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты банк филиалдары мен банкоматтарының жұмысына шектеулер болуы мүмкін екенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.