Елдегі құрылыс материалдарының қымбаттауына қатысты министрлік пікір білдірді

0
1 509

​Құрылыс индустриясы жобаларын 2025 жылға дейін егжей-тегжейлі іске асыру жөніндегі Жол картасы әзірленді.


Елдегі құрылыс материалдарының қымбаттауына қатысты министрлік пікір білдірді

ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі құрылыс материалдарының қымбаттауына қатысты пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомство мәліметінше, геосаяси жағдайға байланысты туындаған көлік-логистикалық дағдарыс аясында биыл басқа елдердегідей Қазақстанда да нысан құрылысының қымбаттауы және құрылыс материалдарын жеткізушілердің алыпсатарлық әрекеттері өзекті мәселе.

"Осыған байланысты ішкі нарықтың құрылыс материалдарына деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ импортқа тәуелділікті төмендету және бағаның ауытқуын болдырмау үшін 2025 жылға дейін 15,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашып, 157 инвестициялық жобаны іске асыру ұсынылды. Қазіргі уақытта өңірлердегі әкімдіктерімен, даму институттарымен және "Атамекен" ҰКП-мен келісе отырып құрылыс индустриясы жобаларын 2025 жылға дейін егжей-тегжейлі іске асыру жөніндегі Жол картасы әзірленіп, бекітілді", - делінген хабарлмада.