​Электрокар иелеріне 3 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін

0
230

Белгілер бірінші кезекте электрокар иелеріне ыңғайлы болу үшін ұсынылған.


​Электрокар иелеріне 3 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Көлікке жасыл түсті арнайы белгі жабыстырылуы керек. Ондай белгі болмаған жағдайда 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады, деп жазады inbusiness.kz.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелердің 9-тармағына сәйкес көлік құралдарында 150 мм жасыл түсті шаршы түрінде және электромобильдің артында қара түсті 7.22 жол белгісі бейнеленген "Электромобиль" тану белгісі орнатылады.
"Мұндай белгінің болмағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 620-бабына сәйкес, ережені бірінші рет бұзғаны үшін ескерту, ал бұзушылық екінші рет және одан көп мәрте қайталанған жағдайда 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған", - деді спикер.
Оның айтуынша, бұл белгілер бірінші кезекте электрокар иелеріне ыңғайлы болу үшін ұсынылған, өйткені басқа көліктер тоқтай алмайтын арнайы жанармай құю бекеттері, тұрақ орындары бар.