Электронды үкімет қазақстандықтар үшін уақытша қолжетімсіз болады

0
802

Бұған дейін электронды үкіметтің қысқа мерзімді қолжетімсіздігі 2024 жылғы 24 ақпанда сағат 21:00-ден 25 ақпанда сағат 8:00-ге дейін тіркелген болатын.


Электронды үкімет қазақстандықтар үшін уақытша қолжетімсіз болады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтарға сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты электронды үкімет жұмысында мүмкін болатын үзілістер туралы ескертілді, деп жазады zakon.kz.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ нақтылағандай, UTC +05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпан сағат 22:00-ден 1 наурыз 2:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады.

Осы уақыт ішінде келесі жобалар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін:

  • egov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
  • egov mobile мобильді қосымшасы;
  • "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
  • "Техникалық бақылау" бірыңғай ақпараттық жүйесі;
  • "e-Otinish" электрондық өтініш қызметі;
  • және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар.

Бұған дейін электронды үкіметтің қысқа мерзімді қолжетімсіздігі 2024 жылғы 24 ақпанда сағат 21:00-ден 25 ақпанда сағат 8:00-ге дейін тіркелген болатын. Себебі, техникалық жұмыс.