Елімізде 139 млн теңгенің мұнайы заңсыз өндірілген

0
300

Келтірілген шығын толық көлемде өтелді.


Елімізде 139 млн теңгенің мұнайы заңсыз өндірілген

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында шикі мұнай өндіруді заңсыз жүзеге асырған "Сайгак Казахстан Б.В." компаниясы филиалының Бас директорының орынбасары сотталды, деп жазады zakon.kz.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейінгі кезеңде аталған компанияның филиалы "Сайгак" кен орнындағы келісім-шарт шеңберінде шикі мұнай өндіруді жүзеге асырғанын, бұл ретте келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанын анықтады.

"Осы жағдайларға қарамастан, олар жыл бойы кен орнында мұнайды заңсыз өндіру мен сақтауды жалғастырған. Жалпы көлемі 3,5 мың тонна болатын 2 резервуарда құны 139 млн теңгеге өңделген мұнай мемлекет кірісіне тәркіленді".Қаржылық мониторинг агенттігі

Кен орнын басқарған компания филиалы Бас директорының орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Келтірілген шығын толық көлемде өтелді.

5 тамызда Атырау прокуратурасы мұнай өндіретін ірі компанияға 13,6 млрд теңгеге айыппұл салды.